Веснянкалар
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Веснянкалар (Plecoptera) – қарапайым жәндіктер отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен, Голарктика аймағында кездесетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Ересектері ағын суларда тіршілік етеді, аз қозғалады, кейбір түрлері ұшпайды. Тығыз денелі, құрсағының ұшында, аналь тесігінің екі жағында орналасқан бунақты екі өскіні (церки) бар. Қос жұп торлы немесе мөлдір қанаттары болады, оларды жайғанда ұзындығы 10 – 80 мм. Басы үлкен, ұзын мұртшалары бар. Аузы кеміруге бейімделген, ол ересектерінің көбінде редукцияға ұшыраған. Толық түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын ағыны қатты өзендер мен жылғалардың түбіне салады. Дернәсілдері суда жетіледі. В. көбейіп кеткен жерде балықтардың қорегіне айналады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |