Бөгет
Көрініс
- Бөгет[1] — өзеннің жоғарғы ағысы жағындағы су деңгейін көтеру және соның нәтижесінде суды шаруашылыққа кең пайдалану (суэлектр станцияларын салу арқылы электр энергиясын өндіру, өзен көлігі қатынасын жақсарту, жер суару, тағы басқалар) мақсатында өзен арнасы мен аңғарларында кесе көлденең жасалған су бөгегіш құрылыс. Кішігірім өзен арналық бөгеттер мен плотиналар бегеме немесе жасанды шоңғалдар деп аталады. Совет үкіметі жылдарында жасалған Днепр, Волга, Цимлян, Өскемен, Бұқтарма, Новосибирь тағы басқа кептеген бегеттер су ағысын тәртіптеп, оларды жоғарғы айтылған мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік беруде. Бөгеттер өзен ағысының режимін басқаруға, суды халық шаруашылығының талабына сай таратып, пайдалануға мүмкіндік береді.
- Бөгет[2] — өзен арнасындағы судың деңгейін көтеру, су ағынын арттыру, бөген жасау, т.б. үшін ағынды суды кесе көлденеңдеп қоршай салынған гидротех. құрылыс. Ол ағынды суды бөгеуге арналған бітеу Бөгет және өзен арнасына жиналған артық суды (су қашыртқыны) реттеуге арналған Бөгет болып бөлінеді. Материалына қарай грунтты (топырақты) Бөгет, тас Бөгет, бетон Бөгет және темір-бетон Бөгет болып ажыратылады. Ығысу күшіне қарсылық көрсетуіне қарай гравитациялық Бөгет, аркалық Бөгет, контрфорстық Бөгет; биіктігіне қарай төм. арынды (10 м-ге дейін), орта арынды (10 м-ден 50 м-ге дейін) және жоғ. арынды (50 м-ден биік) болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең биік Бөгет — Вахш өзендегі (Тәжікстан) Рагун Бөгеті (335 м).
- Бөгет[2] — темір дәуірінен сақталған обалар. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылынан 1 км жерде, Ор өзеннің оң жағасында. 1955 жылы Батыс Қазақстан археологиялық тобы (жетекшісі В.С. Сорокин) зерттеген. 3 обаның орны қазылған. Тас обалардың астына жерленген мәйіттердің бастары шығысқа қаратылған. Қабірлердің көлемі 2х1 м, тереңдігі 1,5 м. Жанынан қыш-құмыра сынықтары, қойдың сүйектері, қола жебе, қайрақ тас, темір пышақ, т.б. табылды. Заттай деректер обалардың б.з.б. 4 — 3 ғасырларда үйілгенін көрсетеді.
- Бөгет[2] — қола дәуірінен сақталған қоныс. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылының оңтүстік-шығысында 1,1 км жерде. Бөгет қонысының мәдени қабатынан сырты өрнектелген құмыраның сынықтары, мал сүйектері шықты. Қоныс жанындағы 18 тас қоршаудан тұратын зираттағы 3 қабірді қазғанда қола дәуіріне жататын құмыралар, қола моншақтар, ұлу бақалшағынан жасалған алқалар табылды. Қоныс б.з.б. 13 — 11 ғасырларға жатады.[3]
- Бөгет [4]- карсыласты шығынға ұшырату. козғалысын тежеп тұру және киыншылық келтіру, маневрін тоқтату немесе өз әскерлері үшін тиімді бағытта козғалуға мәжбұр ету максатында онын жүру жолында жасалған жасанды кедергілер (құрылыстар мен киратулар). Әсер ету сипатына карай Бөгеттер жарылғыш (миналы жарылғыш және ядролық жарылғыш болуы мүмкін), жарылмайтын, аралас жарылғышты болып бөлінеді, колдану орнына байланысты — жер үсті (су кедергілері де), теңіз және әуе (ұшақтарға қарсы); ауқымы бойынша оперативтік және тактикалық болып бөлінеді. Бөгеттер жасау атыс жүйесі, ядролық соққылар және авиациялық соққылармен тығыз байланысты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ * Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- ↑ a b c «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Dams |