Беджа (халық)
Беджа | |
бедауйе, бедавир | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,8 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Судан |
1,7 млн. |
Эритрея |
80 000 |
Мысыр |
20 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Бежа (бедауйе, бедавир) — Суданның солтүстік-батысында, Мысырда, Эритреяда тұратын кушит тобының халқы.[1] Суданда Ніл мен Қызыл теңіз жағалауы аралығында (1,75 млн адам), Мысырда Қызыл теңіз жағалауында (20 мың адам), Эритреяның солтүстік-батысында Барка өзені алабында (80 мың адам) тұрады. Жалпы саны 1850 мың адам.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бишарин, хадендуа - семит-хамит тілдерінің кушит тармағының бедауйе тілінде сөйлейді, бени-амерлер - семит тобындағы тигр тілінде сөйлейді. Бежалардың едәуір бөлігі араб тілін де біледі.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діни ұстанымы бойынша бежалар - сүнниттік мұсылмандар.[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тайпаның қазіргі өкілдері көне мысырлықтардың тікелей ұрпақтары екенін ескерсек, аты аңызға айналған Рамзес немесе патшайым Нефертити, тіпті Клеопатра тұсында олардың ата-бабаларының мал баққанын елестеткен жөн. Бежалар ежелгі грек және рим тарихшыларына біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырларда белгілі болды, оны тарихи ескерткіштер бойынша бағалауға болады. Ескі және жаңа дәуірлер тоғысында Бежа өте қуатты мемлекетке айналды, тіпті Ніл жағалауындағы үлкен қаланы басып алып, өз мемлекетін құрды. Бірақ христиандықтың таралуына байланысты пұтқа табынушы малшылар билікті ұстай алмады, біздің эрамыздың IV ғасырында олар қайтадан әдеттегі өмір салтына оралды. XVIII ғасырда түріктер мен еуропалықтар өз территориясында соғысқан кезде халық ауыр соғысқа кірісуге мәжбүр болды. Ең қызығы, беджалар ішінде екіге бөлініп, біреулер бір жаққа, біреулер екінші жаққа кетті. Бірақ барлық тарихи қиыншылықтарға қарамастан, ежелгі адамдар өздерінің бірегей тілі мен мәдениетін сақтап қалды.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бежа халқы ғасырлар бойы малдары мен түйелерімен шөлдің ұлан-ғайыр жерлерін басып өтті. Олар сүт, май және ет өндіреді, бұл олардың негізгі тағамдық өнімі болып табылады. Көшпелі бежа топтары түйе, қой және ешкі өсіреді. Отырықшы бежа топтары зебу малын өсіреді. Көшпелі бежалар салыстырмалы түрде қысқа қашықтыққа көші-қон жасайды, олар ауыл шаруашылығымен нашар байланысты. Қолөнерден - былғары (тері өңдеу, былғары өңдеу), теріден, ағаштан тұрмыстық ыдыс жасау, тоқу, металл өңдеу дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бежалар патриархалдық-генеологиялық байланыстарға негізделген тайпалық құрылымды сақтайған, әлеуметтік және жастық байланыстар да бар. Туыстық есеп патрилинейлік, неке вирилокалды.
Көшпелілердің дәстүрлі баспанасы – ағаш бұтақтардан немесе арқанмен байланған сырықтардан құрастырылған, матамен, төсеніштермен, терілермен жабылған төртбұрышты жылжымалы шатыр. Көшу кезінде шатырды жүк түйелері тасымалдайды, шатырды бөлшектеп, әйелдер орнатып, жинайды. Отырықшы бежаның баспанасы – домалақ немесе төртбұрышты, шатыры конустық лашық.
Ерлерге арналған дәстүрлі киім ақ мақта матадан тігіледі, кең шалбар мен ұзын кең көйлектен тұрады, оның үстіне қазір еуропалық күрте немесе жилет киеді. Бежалар сәлде киіп, аяқтарына былғары сандал киеді. Әйелдер киіміне қара түсті мақта көйлек, шаровар (кең шалбар) және шәлі кіреді.
Негізгі тағамы сүт (түйе, ешкі, сиыр сүті, көбіне қышқыл, сүт өнімдері) және көкөністер (әртүрлі дәмдеуіштері бар жарма), етті сирек жейді. Балықты Қызыл теңіз жағалауындағы абабде тобы ғана пайдаланады.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение БЕДЖА (НАРОД В АФРИКЕ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/1976839.html
- ↑ народы мира / Беджа https://www.etnolog.ru/people.php?id=BEDZ
- ↑ Советская историческая энциклопедия БЕДЖА https://rus-sov-istoria-enc.slovaronline.com/2977-%D0%91%D0%95%D0%94%D0%96%D0%90
- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%91%D0%B5%D0%B4%D0%B6%D0%B0
- ↑ Беджа — жители Судана, застрявшие в Древнем Египте https://www.thevintagenews.com/2017/05/23/the-beja-are-nomadic-people-of-eastern-sudan-first-documented-by-the-ancient-egyptians/?edg-c=1
- ↑ Беджа — кочевой народ восточного Судана, впервые задокументированный древними египтянами. https://www.thevintagenews.com/2017/05/23/the-beja-are-nomadic-people-of-eastern-sudan-first-documented-by-the-ancient-egyptians/?edg-c=1
- ↑ народы мира / Беджа https://www.etnolog.ru/people.php?id=BEDZ