Мазмұнға өту

Бахмут (Донецк облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бахмут сонымен қатар Бахмут (1924—2016 жылдары — Артемівськ) – Украинадағы Донецк облысындағы қала. Бахмут қалалық қауымының әкімшілік орталығы және ауданының әкімшілік орталығы.

Бахмут қаласының жалауы

Донецктан солтүстік-шығысынан 89 км қашықтықта, Бахмут өзенінің жағалауында орналасқан. (Өзеннің тарихи және географиялық атауы Бахмут, бірақ та қазіргі кезде қала тұрғындары Бахмутка деп атайды ). Артемовск – 2 және Артемовск - 1 темір жол станциялары орналасқан. 2001 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес қалада 82 916 мың адам тұрады.

2022 жылы Ресейдің басып кіруіне дейін қала Украинаның тұз өнеркәсібінің орталығы және темір жол торабы болды. Бахмут үшін шайқастар кезінде қаланың кейбір аудандары айтарлықтай жойылды.

Қаладағы саяси жүйе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаладағы жергілікті билік 4 жылда бір рет бүкіл қала тұрғындарының жасырын сайлау нәтижесінің негізінде құрылатын қала кеңесіне тиесілі. Кеңестің өз атқарушы комитеті бар. Қала басшысы Кеңес мүшелерін сайланатын кезде сайланады. Қалада Бахмут ауданының басқару органы; Бахмут аудан басқармасы; Бахмут аудан кеңесі орналасқан. 2004 жылғы президент сайлауында қала халқы Януковичқа (93,62 %), Ющенкоға (4,19 %) дауыс берді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]