Мазмұнға өту

Батыс Ириан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Индонезия Батыс Ириан (жасылмен белгіленген)

Батыс Ириан немесе Батыс Жаңа Гвинея, немесе Ириан Джая - Индонезия Республикасы құрамындағы Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі. Жері 421 981 км² - бұл Индонезияның құрғақ аумағының 22 %-ы. Халқы - 3,59 млн тұрғын (2010 жылдың мәліметі), тығыздығы 8,64 адам 1 км²-ге. Халқының ¾ бөлігі ауыл жерде жекешеленген топтар құрап тіршлік етеді. Негізгі халқы - ириандықтар. Еуропалықтар да тұрады. Жергілікті халық егін егеді, балық, аң аулап, жабайы жеміс тереді.

Әкімшілік орталығы - Джаяпура, бұрынғы Холландия (тұрғыны 149 618 адам). Ірі қалалары:

  • Маноквари
  • Соронг,
  • Мерауке
  • Биак.

Батыс Ириан орта ғасырларды Шривиджая әкімдерінің бақылауында (7-13 ғ.) болып, кейін Маджапахит империясының құрамына енді (13-16 ғ.). 20-шы ғ. баснда Нидерланд Ост-Индия деп аталған отаршыл бірлестіктің құрамына өтті. 1952 ж. ақпаннан бастап Нидерланд корольдығының бір бөлігіне айналды. Индонезия қарулы күштерінің соғыс қимылынан қорыққан голланд үкіметі 1962 ж. 15 тамызда Нью-Йоркта Батыс Ирианды Индонезияға беру туралы келісімге қол қойды. Батыс Ириан 1963 ж. 1 мамырда Индонезияға қосылды[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]