Банан өрмекшісі
Банан өрмекшісі | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||
|
Nephila (гр. νήμα+φίλος) – көбіне банан өрмекшілері атымен кездесетін ірі өрмекшілер тобы.
Банан өрмекшісі Америкаға тасымалданатын банандардың арасында тығылып келеді. Бұл өрмекші өте белсенді. Оларды бразилиялық кезбе өрмекші деп те атайды. Өйткені олар ешқашан бір жерде тұрақтамайды, үнемі қоныс аударып жүреді. Оңтүстік Америкада тіршілік ететін банан өрмекшісінің дене тұрқы бар болғаны 3 см-дей. Аяғын созғандағы ұзындығы 12 см. Аналығы аталығынан бірнеше есе кішірек келеді. Олардың түрі аса қорқынышты болып көрінбегенімен, өте қызуқанды және улы. Банан өрмекшісі сары түсті болғанымен, жасыл түсті бүркеніш реңі жапырақ арасында байқалмай қалуына мүмкіндік береді. Олардың тоқыған өрмектері алтын секілді жылтырап тұрады. Өрмектерін жиі ауыстырады. Ал кейбір түрлері өрмек тоқымайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, банан өрмекшісінің 33 пайызының шаққан кезде уы аз мөлшерде болады екен. Өрмекшінің уы денсаулығы мықты ересек адам үшін аса қауіпті емес. Алайда науқас немесе жас балдар түшін өте қауіпті болып келеді. Банан өрмекшісінің шаққан жері қызарып, күлдіреулер пайда болады. Бірақ 24 сағаттың ішінде тері қалпына келеді. Алайда терісі жұқа жерлерде тыртық қалуы мүмкін. Бразилия ғалымы Карлус Шагас банан өрмекшісінің уына қарсы дәрі ойлап тапқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1100 қызықты деректер, Улы жәндіктер, 4-ші бет