Мазмұнға өту

Ат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Атжылқының (лат. Equus ferus caballus) көлік немесе жүк тасымал ретінде пайдалану үшін қолға үйретілген түрі.

Аттар, сондай-ақ спорт түрлері бойынша пайдаланылады.

Қазақ халқының тұрмысында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ат — ердің қанаты» дейді қазақ. Аттар кезінде елдің соғыс күші ретінде де бағаланды. «Аттан!» , «аттану», «атқа қону», «ат артына бөктеру», «ат жалын тартып міну», «ат жарату», «ат жарыс», «аттан аудару», «атқа шабу», «ат құлағында ойнау», «ат мінгізіп, шапан жабу» т.б. тұрақты тіркестер мен терминдер Аттың қазақ халқының тұрмысында, көшпенділер тіршілігінде қандай рөл атқарғандығын анық аңғартады. Қазақтың батырлар жырында жақсы аттар (Байшұбар, Тайбурыл, Тарлан, Қарақасқа) бейнесі батырлардан, арулардан кем сипатталмаған.

Қазақтар баланы жастайынан атқа баулып, берік болып өсуіне аса көп көңіл бөлген. Жылқы малы қазақтың жеті қазынасының бірі болып табылады. Төрт түліктің біріне айналған бұл жануар көшпелі халық арасында көлік, сусын, тамақ, киім ретінде қолданылған.