Мазмұнға өту

Ассегай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ассегаймен қаруланған Оңтүстік-Африка Республикасының әскерінің жауынгері, 1943 жыл

Ассегай немесе ассагай[1] - лақтырылатын найза. Оңтүстік-Шығыс Африка тайпаларының жауынгерлік және аңшылық қаруы.

Қару өз атын португал тіліндегі "порт. azagaia" сөзінен алған. Ал португал тіліне араб сөзі "аз-загай" — найза[2] кірме сөз болып негіздеген.

Ассегаймен қаруланған Зулус жауынгері, ХІХ ғасырдың соңы

Қарудың жалпы ұзындығы 2 м-дей болады. Ұшы темірден істеледі, 30 см-дей ұзындығы. Жүзі үшкірленген, кейде кетіктелген болады.

Сабы ағаштан жасалған. Көбіне куртисия талдың (лат. Curtisia) діңін қолданады. Түтқасы - сыирдің терісімен қапталады.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Зулу тайпасының көсемдері Чака мен Дингаан әскерлері жауға қарсы сап түзеп ұрысқанда, Ассегайды көп қолданған[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
  2. Ассегай, хассегай. Тексерілді, 5 мамыр 2012.
  3. Assegai: Blade of the African Warrior  (ағыл.) (10 желтоқсан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қыркүйек 2012. Тексерілді, 05 мамыр 2012.