Мазмұнға өту

Армян-қыпшақ тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Армян-қыпшақ тілі
Өз атауы:

Хыпчах тили

Елдер:

Армения, Украина, Польша, Молдова, Румыния

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай тілдері

Түркі тармағы
Қыпшақ тобы
??? топ тармағы
Тіл коды
ISO 639-1:

ISO 639-2:

tut

ISO 639-3:

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
Париждегі ұлттық кітапханада қолжазба ретінде сақталған дұғалар

Армян қыпшақтардың тілі — XI — XV ғасырлардағы ескі қыпшақ тілдерінің оңтүстік -батыс бұтағы.

XI ғасырдың 2-жартысында Багратидтер мемлекеті құлап, оны селжұқтар басып алғаннан кейін, қоныс аударған армяндар бірте-бірте жылыса отырып, Қырымға жеткенде осы өлкені жайлайтын қыпшақтармен етене аралас өмір сүрген. Армяндардың күнделікті сөйлеу тілінде қыпшақ тілі "екінші ана тілі" болып саналған.

XIII ғ. моңғол шапқыншылығынан ығысқан армяндар (300 үй шамасында) Кавказ бен Қырым өңірін жайлаған қыпшақтармен бірге король Лео І-нің шақыруымен Батыс Украинаға, Галицияға, Подольеге, оның ішінде Каменецке ауысып көшіп келген (1820 ж.). Онда армяндардың дербес құқығы бар колониясы құрылып, іс қағаздары үш тілде — армян, қыпшақ, поляк тілдерінде — жүргізілген. ХҮ ғ. (1496 жылдан бастап) орталығы Каменец — Подольск қаласы болған. Армян әліпбиімен сол кездегі қыпшақ тілінде немесе қыпшақ тілі туралы армян тілінде жазылған материалдар бар. Бірен-сараны ғана болмаса, олар баспа жүзін көрген жоқ.

ХҮІ— ХҮІІ ғ. іс-қағаздарынан құрастырылған 32 кітап бар (Киевте). Көптеген материалдар Еуропа кітапханаларында сақталған. Негізгі қор Ереванда (Матендаранда). Азаматтық-тарихи құжаттар мен очерктерден басқа филолог еңбектер де бар. Мысалы, грамматикалық трактаттар (Венада), армян-қыпшақ сөздігі (Венада), дұғалар жинағы (қыпшақ тілінде, Венада, Парижде, Ереванда). Діни уағыздамаларды, бірқатар мәтіндерді белгілі ғалымымдар Ж. Дени мен Т. И. Грунин жеке кітаптар етіп бастырып шығарды.

Барлық қолжазбалардың тілі сол кездегі "кәдімгі қыпшақ тілінің" аясында жазылған, әсіресе "Кодекс Куманикус" тіліне қатты ұқсайды. Поляк ғалымдары осы тіл (қыпшақ тілі) және осы жазу (армян жазуы) бойынша арнайы мамандар дайындап алып, бірнеше басылымдар жариялады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3