Мазмұнға өту

Алапес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алапес

Алапес (Гансен ауруы) — бұл аса жұқпалы ауру емес, баяу өрбиді, ол ұзақ жылдарға созылады. Алапес организмі «нашар қарсылық ететін» адамдарға жұғу арқылы тарайды. Алапес кең тараған жерлерде балаларды, әсіресе алапеспен ауыратын адаммен бірге тұратындарды, әр 6-12 айда тексеріп тұрған жөн. Тұтас денеде, әсіресе бетте, қолда, арқада, құйрықта және аяқта ақтандақтың бар-жоғын тексеріңіз.[1]

Алапес теріні әр түрде зақымдайды, сезімін жоғалтады, аяқ пен қол сал болып қалады. Алапестің алғашқы белгісі денеге түскен ақтаңдақ жайлап ұлғаяды, ауырмайды және қышымайды. Алғашында ақтаңдақта сезіну қалпында болады.

Егер ақтаңдақ терісінің сезінуі азайса немесе мүлде жоғалса, онда бұл алапес болуы мүмкін.

Теміреткі сияқты ақтаңдақ сақина тәрізді дөңгеленіп тұрмайды. Кейінірек байқалатын белгілері организмнің бұл ауруға қарсылық ету дәрежесіне байланысты әр түрлі болады. Мынадай белгілерін қадағалаңыз:

  • Қол мен аяқтың жансыздануы немесе сезімнің жоғалуы, немесе қол мен аяқтың майысып бұзылуы, ақтаңдақта сезіну нашарлайды
  • Жеңіл әлсіздік немесе аяқ пен қол басының майысып, бұзылуы.
  • Тері астында ісінген нервтер пайда болады Олар басқан кезде ауруы да және ауырмауы да мүмкін.

Тырнағы және майысқан башпайлар.

Емдеу жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алапесті әдетте емдеп жазуға болады, бірақ оның дәрілерін ұзақ жылдар бойы қабылдау керек. Аурудың ең жақсы емі римфампин мен клофазиминді қосып пайдалану. «Лепра реакциялары» пайда болған жағдайда (қызу болу, бөріту, аяқ пен қолдың ісуі, көздің ауыруы немесе көруі нашарлауы) дәріні қабылдауды жалғастырыңыз, бірақ дәрігерге керіну керек

Қолдың, аяқтың, көздің зақымдануының алдын алу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алапестің дүние жүзінде таралуы, 2003.

Алапес салдарынан пайда болған үлкен ойық жара жанға батырып ауырмайды, оларды болдырмауға болады. Бұл жаралар — дененің жансыздануының нәтижесі, өйткені зақымдануға жансыз дене қарсыласа алмайды. Мысалы, терісінің жаны бар адамның ұзақ жүргеннен аяғы мүйізгектенеді, бірақ жүре алмай қалады немесе ақсап жүреді. Ал алапестен ауырған адамның терісі ауырмайды. Сондықтан ол қашан мүйізгек жара болғанша жүре береді, сосын оған инфекция түседі. Инфекция ауыртпай еніп, сүйекке дейін жетеді. Сөйтіп сүйек бұзылып, аяқ формасы өзгереді.

  1. Аяқ пен қолды тілінуден, жарақаттан, күюден сақтаңыз.

Жалаң аяқ жүрмеңіз, әсіресе аяғыңызга бататын немесе кіретін тастақты, тікенекті жерлерде. Туфли немесе башмақ киіңіз. Аяғыңызды қажайтын аяқкиімнің табанына жұмсақ ұлтарақ салыңыз. Тамақ дайындаған және жұмыс істеген кезіңізде қолғап киіп алыңыз. Қолыңызды күйдіруі мүмкін затқа жоламаңыз немесе ыстық затты қалың биялай не қалың шүберекпен үстаңыз. Мүмкіндігінше өткір немесе ыстық заттармен жұмыс істеуден аулақ болыңыз. Темекі шекпеңіз.

  1. Әр күн сайын (немесе жиірек егер сіз көп жұмыс істесеңіз немесе ұзақ жерге жүрсеңіз) қол-аяғыңызды мұқият қарап шығыңыз, немесе мұны басқа біреу қарап берсін. Теріңізде тілінген, жарақаттанған, қызарған, ыстық, ісінген, мүйізгектенген жерлердің бар-жоғын тексеріңіз. Егер ондай таңбалар байқалса, қашан тері қалыпты түсіне келгенше қол-аяққа тыным беріңіз. Бұл мүйізгекті таратып, теріні қалпына келтіреді. Ісініп қызарған жерді де осылайша кетіруге болады.
  2. Егер сізде ашық жара пайда болса, оны таза ұстаңыз және қашан жазылғанша тыныштық беріңіз. Сол жердің қайта зақымданбауына жағдай жасаңыз.
  3. Көзіңізді қорғаңыз. Көру мүшесі сезімінің жоғалуы және оның әлсізденуі салдарынан көздің жыпылықтауы нашарлайды, ал бұл көзге ауыр зардабын тигізеді. Көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз, сонда ылғалданып, тазарып тұрады. Егер сіз көзіңізді жыпылықтата алмасаңыз, оқтын-оқтын, әсіресе шаңдақты жел соққан кезде, көзіңізді тарс жұмып отырыңыз. Екі қапталы жабық күнқағар көзілдірік және мүмкіндік болса, күнқағары бар қалпақ киіп жүріңіз. Көзіңізге шыбын қондырмаңыз, таза ұстаңыз.

Егер сіз осы айтылғандардың бәрін істесеңіз, тезірек сауыға да бастайсыз. Сіз қол-аяғыңызды алапестен болатын майысудан, бұзылудан аман сақтап қаласыз.[2][3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  3. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
  4. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! leprosy sux