Мазмұнға өту

Linkin Park

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Linkin Park
логотипі
суреті
Linkin Park 2024 жылда (солдан оңға қарай): Дэйв Фаррелл, Брэд Дельсон, Джо Хан, Эмили Армстронг, Колин Бриттэн және Майк Шинода
Негізгі ақпарат
Жанры

Альтернативті рок
Рэпкор[1]
Ню-метал[2]
Альтернативті метал[1]
Поп (2017)
Поп-рок (2017)

Белсенділік
жылдары

19962017

2023 — қазіргі уақыт

Мемлекет

 АҚШ

Қайдан

Лос Анжелес, Калифорния

Өлеңдерінің
тілдері

Ағылшын

Лейблдері

Warner Bros. Records
Machine Shop

Топ құрамы

Майк Шинода
Джо Хан
Брэд Дэлсон
Эмили Армстронг
Дэвид Фаррелл
Колин Бриттэн

Бұрынғы
қатысушылары

Кайл Кристнер
Скотт Козиол
Марк Уэйкфилд
Честер Беннингтон
Роб Бурдон

Басқа да
жобалары

Dead by Sunrise
Fort Minor
Stone Temple Pilots
Grey Daze
Dead Sara

linkinpark.com

Linkin Park — америкалық альтернативті рок тобы. Топ 1996 жылы Калифорнияның Агура-Хиллз қаласында құрылған. 2000 жылы 27 миллион данамен[3] сатылған «Hybrid Theory» атты алғашқы альбом шыққаннан кейін топ әлемге әйгілі болды. Linkin Park әлем бойынша шамасымен 60 миллиондай альбом көшірмесін сатып, екі рет «Грэмми» марапатын иеленді[4]. 2024 жылдың қыркүйегінде топ қайта бірігіп, жаңа альбомын From Zero және Эмили Армстронг Dead Sara топтан пен Колин Бриттен жаңа мүшелер жариялады.

Қалыптасуы (1996–2000)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топты 1996 жылы үш мектептік достар - Майк Шинода, Брэд Дэлсон және Роб Бурдон Лос Анжелес маңындағы Агура-Хиллз қаласында құрды[5]. Қалыптасқан кезінде олар Super Xero деп аталған, кейін Xero атауына өзгертті. Бұл уақыт мезетінде тобтың мүшелері: Майк, Брэд, Джо, Дэйв, Роб және Марк. Қаражаттың аздығына қарамастан, жігіттер әндерді Шиноданың жатын бөлмесінде (кейіннен топтың бірінші студиясы болды) жазуға бастады. Осы уақытта бірде-бір лейблмен шарт жасай алмағандықтан және де осы топ жетістікке жете алмайды деген оймен басқа жоба іздеу үшін Марк топтан кетті, ал Дэвид Фарреллдің басқа жобасында тур басталғандықтан топтан кетуге мәжбүр болды.

Топ мүшелері Марк Уэйкфилд кеткеннен кейін оның орнына жаңа вокалшыны өте көп уақыт бойы іздеді. Өздернің танысы Zomba Music-тің вице-президенті Джефф Блю арқылы олар Аризонада тұратын вокалшы Честер Беннингтон туралы естіген болатын. Музыкантшылар Беннингтонге қонырау шалып, өзінің вокалын демо-касетаға жазып, оларға жіберуін өтінді. Беннингтон өзінің туған күнінің тойлауынан бас тартып, демо-касетаны жазып, жігіттерге телефон арқылы тындауға берді. Оның даусы топ мүшелерінде үлкен әсер калдырды. Келесі күні Честер Лос Анжелеске ұшып келеді. Осыдан кейін шұғыл өзгерістер науқаны басталды. Честер топтың құрамына кіруге келіскен соң, топтың аты Hybrid Theory деп атала бастады. Бірақ Hybrid деп аталатын британ электро тобы оларды плагиаторлықта кінәләді. Сондықтан Честер Беннингтон топқа жаңа Lincoln Park атауын ойлап тапты, өйткені ол Санта-Моникада студияға Линкольн паркі бойымен баратын. Бірақ, өкінішке орай lincolnpark.com домены бос болмағандықтан, атын Linkin Park - ке өзгертіп linkinpark.com доменің алды.

Hybrid Theory (2000–2003)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Linkin Park Дортмунд қаласында
Толық мақаласы: Hybrid Theory

1999 жылы топ Warner Bros. Records пен келісім шартқа отырды. Сол жылы топ «Hybrid Theory EP» атты, 6 тректен тұратын шағын альбомын шығарды. Келесі жылы топ көп жыл бойы жинақталған материалдары бар «Hybrid Theory» (продюсері Дон Гилмор) атты альбомын жазды. Альбом 2000 жылдың басында Солтүстік Голливудтағы NRG Recordings студиясында 4 апта бойы жазылды[6]. Шыққаннан кейін 5 апта өткен кезде альбом «Алтын диск» сертификатын алды, ал 2001 жыл қорытындысы бойынша АҚШ-тағы ең сатылымды альбом болып шықты[7][8]. 2005 жылы АҚШ-та альбомның 10 миллионан астам көшірмелері сатылғаннан кейін «Hybrid Theory» Алмаз (Diamond) сертификациясын алды[9]. Жалпы әлем бойынша альбомның 27 миллион данасы сатылды[10]. Альбомға кіретін «Crawling» әні «Хард-рок стиліндегі үздік орындау» номинациясы бойынша «Грэмми» марапатын иеленді[11], ал альбомның өзі «Ең үздік рок-альбом» номинациясына ұсынылды. Альбомның төрт әні «One Step Closer», «Crawling», «Papercut» және «In the End» сингл ретінде шығарылды. Барлық төрт синглы түрлі хит-параттарда табысты болды. Атап айтқанда, «In the End» әні үлкен коммерциялық табысқа жетті. «In the End» Billboard Hot 100 чартында 2 орынға дейін жетіп[12], бейнеклипі MTV каналында жылдың ең үздік бейнеклипі марапатына ие болды. 2000 жылы топ АҚШ бойынша тур өткізді. Бірнеше рет белгілі әншілермен сахнаға шығып, «Ozzfest» және «Rock Am Ring» атты фестивальдерге қатысты. Сол жылы топ шамамен 320 концертте ойнап, «Frat Party at the Pankake Festival» DVD дискін шығарды.

2002 жылы топ «Reanimation» ремикстер альбомын шығарды. «Reanimation» олардың дебюттік альбом әндеріне жасалған электронды және хип-хоп ремикстерінен тұрады. Альбом жазуына көптеген шақырылған жұлдыздар (Джонатан Дэвис, Аарон Льюис, Джей Гордон) және белгісіз андеграундтық музыканттар қатысты. Алғашқы жұмасында альбом 270 000 данамен сатылып[13] Billboard 200 чартында 2 орынға жайғасты. Кейін Платиналық альбом статусына жетті.

Meteora (2003–2007)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Meteora (альбом)
Meteora альбомның мұқабасы

Топ жаңа альбомға әндерді жазу ісін АҚШ бойынша тур өткізген кезде, автобустық студиясында бастаған болатын[14]. Жаңа альбом туралы топ 2002 жылдың желтоқсан айында ресми түрде жариялаған. Альбомның аты Грекиядағы Метеора манастырлар кешені құрметіне аталатыны туралы хабарланды. «Meteora» 2003 жылдың 25 наурыз күні шығып, бірден дүние жүзі бойынша танылды. Бірінші жұмасында «Meteora» әлем бойынша 800 000 көшірмесі сатылып, Billboard чартында бірінші орынға ие болды[15].

Альбомның бес әні «Somewhere I Belong», «Faint», «Numb», «From the Inside» және «Breaking the Habit» сингл ретінде шығарылды. «Somewhere I Belong» үздік рок бейнеклипі номинациясында «MTV Video Music Awards» марапатын, «Numb» ең үздік рок өлеңі үшін «Radio Music Awards» марапатын жеңді. Ал «Session» әні «Үздік инструменталды рок орындау» (Best Rock Instrumental Performance) номинацисында «Грэмми» марапатына ұсынылды. «Meteora» альтернативті рок тарихында үлкен маңыздыққа ие болып, топты әлемдік жұлдыздар қатарына қосты.

2004 жылы Linkin Park рэп орындаушы Jay-Z мен бірге «Collision Course» атты бірлескен альбомын шығарды. Осы альбом үшін «Numb», «Faint», «Papercut», «Points of Authority», «In the End», «Lying from You» (Meteora» альбомынан) және «One Step Closer» («Hybrid Theory» альбомынан) әндеріне Jay-Z өндерін араластырып, мэшап стиліндегі ремикстер жазылды. «Collision Course» Billboard 200 чартында бірінші орынға жетіп, тек қана АҚШ бойынша сатылған көшірмелер саны 2 миллионға жетті[16]. 2006 жылы Linkin Park және Jay-Z осы альбомнан шыққан «Numb/Encore» әні үшін «Үздік рэп ынтымақтастық» (Best Rap/Sung Collaboration) номинациясында «Грэмми» марапатын жеңді. Ал марапаттау рәсімінде Честер Беннингтон сахнаға Jay-Z және «Битлз» тобының әншісі Пол Маккартнимен бірге шығып «Numb/Encore» мен «Yesterday» әндерінің мэшап нұсқасын орындады.

Minutes to Midnight (2007–2010)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Minutes to Midnight

15 мамыр күні 2007 жылы «Minutes to Midnight» жаңа альбомы шықты. Бұл альбоммен Linkin Park бұрынғы гибрид стильден классикалық рокқа жақын стильге көшті. Әндерінде оқылатын сөз саны азайып, ал әндері әуендірек болды. Топтың табынушылары бір жақты жақтамады, кейбіреулеріне жаңа альбом ұнап, кейбіреулері негативті көз қараспен қарады. Честер Беннингтонның өзінің айтуы бойынша, «Meteora» альбомы фанаттардың сұранысы бойынша топтың дебютті «Hybrid Theory» альбомына жақын боп жазылған, бірақ жаңа альбоммен топ өзін «жақсы сезінеді». 7 құркүйекте 2008 жылы MTV Video Music Awards пермиясының «Рок стиліндегі үздік клип» наминациясы бойынша лауреат атанды. 2008 жылы 25 қарашада топ еуропадағы туры кезіндегі концерті жазылған «Road to Revolution: Live at Milton Keynes» DVD-ді шығарды.«What I've Done» әні «Трансформерлер» фильмнің басты трекі болды, ал «Leave Out All The Rest» әні «Ымырт» фильмінің титрасында ойнады.

18 мамырда 2009 жылы топтың жаңа әні «New Divide» шықты. Бұл трек 24 маусымда шыққан «Трансформерлер: Кек» фильміне арнайы жазылған. «New Divide» бір мезетте Billboard Hot 100 және Alternative Charts алғашқы ондығына кірген үшінші сингл болды (оған дейін бұл дәрежеге тек Coldplay «Speed of Sound» және «What I’ve Done» тректері ие болған). Бұдан басқа «New Divide» Billboard Hot 100 -де топ бастаған, сонымен қатар альтернативті чарттарда бір жылдан астам дебютті сингл болған топтың ең жақсы әні болды. Linkin Park альтернативті чарттардың бүкіл тарихының 20 жыл ішінде үш синглі Top 10 чартына енген бес группаның бірі. Linkin Park тобынан басқа бұған U2, R.E.M., Pearl Jam, Red Hot Chili Peppers қол жеткізген.

A Thousand Suns (2010–2012)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: A Thousand Suns

Топтың төртінші студиялық альбомы 14 құркүйекте 2010 жылы шыққан. Ресми шығуына бір жұма қалар алдында альбом интернетте шықты. Альбомның атауы ядролық қару және ақырзаманмен байланысты. Сатылымның бірінші жұмасында 523 мың көшірмесі сатылып, Global Album Chart мен Billboard Top 200 ді басқарды, ал Ұлыбритания чартында екінші болды. 2010 жылдың сонында A Thousand Suns Әлемде 1 700 000 көшірмесі сатылды[17], одан кейін АҚШ-та жылдың ен сатымал рок альбомы болды, Жапонияда ен табысты интернациональды альбомы[18], ал Германияда «Gruppe Rock/Alternative international» номинациясына «Echo Music Award» жүлдесін иеленді. Бұл альбомда платиндық альбом болды. Бірінші синглі «The Catalyst» 2 тамызда шықты, ал оның бөлігі «Medal of Honor» трейлерінде үні шықты. Бейнеклиптің режисері Джо Хан және болды, және бейне клип «MTV Best Of 2010 — Top 10 Most Watched Videos» тізіміне кірді[19]. «The Catalyst» шыққан кезінен бір ай өткен кейін «Wretches and Kings» промо-синглдың премьерасы өтті[20]. 7 қыркүйек күні MySpace сайтында «Waiting for the End» синлдің толық нұсқасы жарық көрді[21]. Бұл ән топқа Alternative Songs чартын оныншы рет бастауға жол ашты. Ал бұл әнге түсірілген бейнеклип MTV Video Music Awards жүлдесінің «Ең жақсы арнай әсерлер» номинациясына ұсынылды[22]. 2011 жылдың 22 ақпан күні «Burning in the Skies» атты альбомның үшінші сингл бейне клип премьерасы өтті. 2011 жылдың 27 мамыр күні альбомның соңғы синглы «Iridescent» шықты. «Transformers: Dark of the Moon» фильмнің басты трегі болды, алайда бұл ән альбом нұсқасынан кішкене басқаша [23].

Living Things (2012–2014)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Living Things

2011 жылдың маусымында Честер Беннингтонның «Kerrang!» журналына берген сұхбатында ақырғы екі айда жаңа альбом жазу үстінде екенің айтты[24]. 2012 жылдың қаңтар айының соңында Майк Шинода «Рейд» фильмінің композиторы ретінде «Сандэнс» кинофестивалінде болған кезде, альбом жылдың ортасында шығатындығын мәлімдеген[25]. 2012 жылдың 24 наурыз күні All Access Music Group Linkin Park - тың жаңа синглы «It Down Burn» деп аталатын болады және 16 сәуірде шығады деп жариялады[26]. 28 Наурыз күні Майк бұл хабарды растады. 24 Мамыр күні екі аптаға созылған әлемнің түрлі қалаларында өткен, Scavengers Hunt атты фанаттарға арналған ойын өткізілгеннен кейн «ВВС Radio 1» радиосында тағы бір жаңа «Lies Greed Misery» әнңің түсаукесері өтті[27]. «Powerless» әні «Авраам Линкольн:.Вампирлер аңшысы» (ағылш. Abraham Lincoln: Vampire Hunter) фильмге саундтрек болды. Ал Тимур Бекмамбетов түсірген топтың Берлиндегі концерттың үзінділері және фильм кадрлары Yahoo! сайтында бейне фильм үшін трейлер ретінде шығарылды. «Castle of Glass» синглы «Medal of Honor: Warfighter» ойынға саундтрек болды. «Roads Untraveled» әні «Need for Speed» фильмі үшін пайдаланылған.

The Hunting Party (2014)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: The Hunting Party

Fuse-ге берген сұхбатында Шинода Linkin Park өзінің алтыншы студиялық альбомын 2013 жылдың мамырында жаза бастағанын растады[28]. Топ 2014 жылдың 6 наурызында Shazam жапсырмасында "Guilty All the Same" атты алдағы альбомынан алғашқы синглін шығарды.

One More Light (2017)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: One More Light

Linkin Park 2015 жылдың қарашасында жетінші студиялық альбомға арналған жаңа материалмен жұмыс істей бастады. Топтың жетінші альбомы One More Light 2017 жылы 19 мамырда шығарылды. Онда 10 трек бар, олардың аттас және негізгі «One More Light» акустикалық болып табылады. Альбомның дыбысы бірінші «Heavy» сингліне ұқсас.

Честер Беннингтонның өлімі және топтың қызметін тоқтату (2017—2024)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2017 жылдың 20 шілдесінде, 41 жасында, Беннингтон Калифорниядағы Палос-Вердес Эстейтс қаласындағы үйінде өлі күйінде табылды. Беннингтон қайтыс болғаннан кейінгі күні топ One More Light турының Солтүстік Америкадағы кезеңін тоқтатты. 2017 жылдың қарашасында топ Беннингтонмен соңғы турындағы жазбаларға негізделген One More Light Live атты тірі альбом шығаратынын жариялады. Оның шығарылымы 2017 жылдың 15 желтоқсанында шықты.

2020, 2023 және 2024 жылда «Hybrid Theory» және «Meteora» атты екі альбомның қайта шығарылымдары шықты, және «Papercuts» тобының танымал әндер жинағы шығарылды, онда Честердің қатысуымен «Friendly Fire» осы уақытқа дейін шықпаған ән бар.

Топтың қайтарылуы (2024 — қазіргі уақыт)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жылдың қыркүйегінде топ қайта бірігіп, жаңа альбомын From Zero және Эмили Армстронг Dead Sara топтан пен Колин Бриттен жаңа мүшелер жариялады (соңғысы негізін қалаушы барабаншы Роб Бурдонды ауыстырды).[29]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Грэмми»
    • «Crawling» (2002)
    • «Numb/Encore» (2006)
  • «MTV Europe Music Awards»
    • Ең жақсы рок орындаушы(2011)
    • Ең жақсы жанды орындау(2010)
    • Концерттік жыл тобы(2009)
    • Жыл тобы(2002,2007)
    • Жыл рок тобы(2004)
    • Жыл хард - рок орындаушы(2002)
  • «MTV Asia Awards»
    • Интернационалды әртіст(2008)
    • Жыл бейнеклипі — «Pts.Of.Athrty» (2003), «Somewhere I Belong» (2004)
    • Жыл рок тобы(2003, 2004)
    • Жыл науқаны(2002)
  • «MTV Video Music Awards»
    • «Shadow of the Day» (2008)
    • «Somewhere I Belong» (2003)
    • «Breaking the Habit» (2004)
    • «In the End» (2002)
  • «American Music Awards»
    • 2003
    • 2004
    • 2007

Топ құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтың мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұрынғы қатысушылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Честер Беннингтон (1996—2017)
  • Марк Уэйкфилд (1996—1998)
  • Кайл Кристнер (1999)
  • Скотт Козиол (2000—2001)
  • Роб Бурдон (1996—2017)

Дискографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Linkin Park дискографиясы

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Andrew Leahey Linkin Park - allmusic.com  (ағыл.). allmusic.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 ақпан 2012. Тексерілді, 26 қыркүйек 2011.
  2. Linkin Park (ағыл.) Discogs сайтында
  3. LINKIN PARK HEADLINES LIVE EARTH TOKYO. liveearth.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 маусым 2012. Тексерілді, 15 маусым 2012.
  4. Mike Shinoda - Celebrating Achievement Through Technology. Тексерілді, 12 шілде 2013.
  5. AskMen.com, Linkin Park – Biography Мұрағатталған 1 қарашаның 2012 жылы. Retrieved наурыз 20, 2007
  6. Everybody loves a success story.  (ағыл.). The LP Association. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 тамыз 2007. Тексерілді, 8 тамыз 2007.
  7. Sanneh, Kelefa. MUSIC; New Ideas From the Top of the Charts  (ағыл.), The New York Times (31 March 2002). Тексерілді 16 желтоқсанның 2007.
  8. Hybrid Theory tops best-sellers of 2001  (ағыл.). MTV.com. Тексерілді, 16 қыркүйек 2007.
  9. Gold and Platinum: Diamond Certified Albums  (ағыл.). RIAA. Тексерілді, 29 қыркүйек 2007.
  10. Linkin Park Announced As Saturday Headliner. Download News. Тексерілді, 5 қараша 2013.
  11. Past Winners Search. grammy.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 қыркүйек 2012. Тексерілді, 8 маусым 2012.
  12. Linkin Park single chart history  (ағыл.). Billboard. Тексерілді, 20 қазан 2007.
  13. Linkin Park News - Yahoo! Music. Wayback.archive.org. Тексерілді, 14 маусым 2013.
  14. Warner Bros. Records, "The Making of Meteora" (2003) DVD, Released on наурыз 25, 2003
  15. Linkin Park News - Yahoo! Music. Wayback.archive.org. Тексерілді, 14 маусым 2013.
  16. Trust, Gary. Ask Billboard: Steve Vai, Jay-Z, Radiohead, 'Billboard' (7 тамыз 2009). Тексерілді 8 тамыздың 2009.
  17. Альбомы 2010
  18. THE GOLD DISC
  19. MTV Best Of 2010 Мұрағатталған 5 мамырдың 2016 жылы.
  20. Текст Песни Linkin Park «Wretches And Kings» Мұрағатталған 26 қарашаның 2010 жылы.
  21. Linkin Park’s MySpace — Waiting For The End
  22. VMA Best Special Effects Nominees 2011 | MTV Мұрағатталған 25 қыркүйектің 2011 жылы.
  23. Iridescent: Transformers 3 Single Мұрағатталған 17 сәуірдің 2011 жылы.
  24. Linkin Park: 'Our next album will polarize people'  (ағыл.). nme.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 мамыр 2012. Тексерілді, 25 наурыз 2012.
  25. Новый альбом Linkin Park в середине 2012 YouTube сайтында
  26. Future Releases on Triple A (AAA) Radio Stations, Independent Artist Song Releases  (ағыл.). allaccess.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 мамыр 2012. Тексерілді, 25 наурыз 2012.
  27. BBC Radio 1; Zane Lowe  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 маусым 2012. Тексерілді, 23 мамыр 2012.
  28. Linkin Park's Mike Shinoda on Band's New Album YouTube сайтында
  29. https://www.cbsnews.com/losangeles/news/linkin-park-announces-first-new-album-since-2017-and-reunion-concert-los-angeles-kia-forum/.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]