Мазмұнға өту

Desert Eagle

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Desert Eagle

Түрі автоматты тапанша
Шығарған елі АҚШ
Қызмет тарихы
Пайдаланған жақтары АҚШ, Израиль,
Өндіріс тарихы
Әрлендірушісі Magnum Research
Әрлендіру кезі 1983 жыл
Жасаушысы Israel Military Industries Израиль
Дана құны $1,400 - 2,100
Өндіру кезі 1985 жылдан бастап
Нұсқалары Mark I, Mark VII, Mark XIX
Ерекшеліктері
Массасы 1,6
Ұзындығы 269 мм
Оқпан ұзындығы 152/254 мм

Оқтығы патрон
Калибры *.50 Action Express,
Оқтату жүйесі 7 - 9 оқты салымы (магазин)

Desert Eagle (ағылш. Desert Eagle), (ивр. נשר המדבר‎) — Израильде және АҚШ-та пайдаланылатын автоматты тапанша. 1983 жылы Magnum Research әрлендіруімен және 1985 жылы Israel Military Industries жасауымен құрастырылып, қарулы күштерде қабылданған қару.

Ұңғы ойығының түрлері. Оң жағындағы — Desert Eagle-де қолданылатын полигональді ойық.

Газдарды кері жіберу принципі бойынша істейтін тапанша патентіне өтінішті 1983 жылы қаңтарда американдық Magnum Research компаниясының қызметкері Бернардом С. Уайтом (Bernard C. White) берді. Бұл патент Desert Eagle-ді жасап шығару негіз болды. Тапаншаның алғашқы жұмыс істейтін нұсқасын 1983 жылы Magnum Research (АҚШ) компаниясы жасап шығарды. Тапаншаны ақтық түзету жұмыстарын израильдік Israel Military Industries компаниясы жасады, ал 1985 жылы желтоқсанда тапаншаның түрі мен сипаттамасын анықтап берген екінші патент алынып, тапанша жаппай өндіріске берілді.[1]

.357 Magnum калибрлі тапаншаның алғашқы партиясы (1000 дана) қазіргі күні топтамалық раритет болып табылады, себебі олардың иір ойықты ұңғылары дәстүрлі тәсілмен жасалған және бұл тапаншаларды басқа калибрлерге өзгертуге болмайды.

Тапаншаның жаппай өндірісі Израильдегі Israel Military Industries зауыттарында басталған. 1995-2000 жылдары өндіріс АҚШ-тың Мэн штатындағы Saco Defense фабрикасына ауысқан болатын. 2000 жылы Saco фирмасын General Dynamics сатып алғаннан кейін өндіріс Israel Military Industries зауыттарына қайтадан ауысты.

Desert Eagle схемасы[2]

Қару-жарақты пайдаланушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Модификациялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Mark I, Mark VII және Mark XIX.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. US Patent 4,563,937 Мұрағатталған 24 ақпанның 2021 жылы.
  2. АҚШ патенті № 4 619 184