Мазмұнға өту

Экспонометр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Экспонометр (лат. expono – ұсынамын, көрсетемін және ...метр), экспозиметр – фотоппарат жапқысының (затворының) ашылып-жабылуы уақытының ұзақтығын және объектив диафрагмасының саңылауының мөлшерін анықтау үшін қолданылатын тетік. Ол фототүсіру, кинотүсіру не фотокөшіру кезіндегі экспозицияны қажетке сай таңдап алуды қамтамасыз етеді. Оның оптик. Э., фотоэлектрлік Э. және таблицалық Э. (калькулятор) деп аталатын 3 түрі бар. Бұлардың ішінде фотоэлектрлік Э. кең тараған.