Мазмұнға өту

Пейджер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Motorola пейджерлері

Пейджер (ағылш. page — парақ) — сөзбен берілген ақпаратты қабылдап, оны экранында (таблосында) әріп-цифрлардан тұратын мәтін түрінде көрсететін шағын радиоқабылдағыш. Байланысты пейджерлік орталық операторы жүзеге асырады. Әр пейджердің өз номері, жады бар. Пейджерлік орталық операторы абонентке түскен ақпаратты оның номеріне жібереді. Пейджер хабар түскенін білдіретін сигнал береді де, ол хабарды жадында сақтайды. Абонент хабарды сол сәтте немесе кейін қарай алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том