Мазмұнға өту

Луис Арагонес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Луис Арагонес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Хосе Луис Арагонес Суарес

Туған күні

28 шілде 1938 (1938-07-28)

Туған жері

Мадрид, Испания

Қайтыс болған күні

1 ақпан 2014 (2014-02-01) (75 жас)

Азаматтығы

 Испания

Бойы

180

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1957—1958 Испания Хетафе Депортиво 12 (2)
1958—1960 Испания Реал Мадрид 0 (0)
1958—1959  Испания Рекреативо 19 (7)
1959—1960  Испания Эркулес 24 (17)
1960 Испания Плюс Ультра 8 (11)
1960—1961 Испания Реал Овьедо 13 (4)
1961—1964 Испания Реал Бетис 82 (33)
1964—1974 Испания Атлетико Мадрид 265 (123)
Ұлттық құрамы[* 2]
1965—1972 Испания Испания 11 (3)
Бапкерлік карьерасы
1975—1978 Испания Атлетико Мадрид
1978 Испания Атлетико Мадрид
1979—1980 Испания Атлетико Мадрид
1981—1982 Испания Реал Бетис
1982—1986 Испания Атлетико Мадрид
1987 Испания Атлетико Мадрид
1987—1988 Испания Барселона
1990—1991 Испания Эспаньол
1991—1992 Испания Атлетико Мадрид
1993—1995 Испания Севилья
1995—1997 Испания Валенсия
1997—1998 Испания Реал Бетис
1999—2000 Испания Реал Овьедо
2000—2001 Испания Мальорка
2001—2003 Испания Атлетико Мадрид
2003—2004 Испания Мальорка
2004—2008 Испания Испания
2008—2009 Түркия Фенербахче
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Хосе Луис Арагонес Суарес (ис. José Luis Aragonés Suárez; 28 шілде 1938 жыл[1], Мадрид1 ақпан 2014 жыл, Мадрид) – испандық футболист және жаттықтырушы. Футболшы ретінде «Атлетико Мадрид» футбол клубында өнер көрсеткен. Осы клубтың құрамында бола отырып, 3 дүркін Испания чемпионатының жеңімпазы (1966, 1970, 1973 жылдар). Жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде Испания футбол құрамасын 2008 Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды. «Барселона», «Атлетико», «Валенсия», «Севилья», «Бетис», «Эспаньол» футбол клубтарында қызмет атқарған.

Футболшы карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Луис Арагонес Мадриттің Орталесса ауданында дүниеге келген. Жас футболшыны «Хетафе Депортиво» селекционерлері аңғарды. Кәсіпқой футболшы карьерасын бастайды. 1958 жылы әйгілі «Реал Мадрид» клубында 1960 жылға дейін құрамында ойнаған. Алайда ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағандықтан Севильяның «Реал Бетис» клубына көшеді.

1961 – 1964 жылдар аралығында 82 матч өткізіп 33 гол соққан.

1964 – 1974 жылдар аралығында «Атлетико Мадрид» клубында өзінің өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, «рохо-бланкос»шабуылының лидері ретінде клубтың тарихында қалған.

1969-70 жылдары Арагонес «Трофео Пичичи» сыйлығымен марапатталды. Себебі, ең мықты бомбордир атанып, 16 гол соққан. Танымал лақап аты «Zapatones» (ауд. Улкен бутсы). Өз карьерасын «Бавария» клубымен ойыннан кейін аяқтайды. Карьералық жолында 3 рет қызыл карточканы алған.

Жаттықтырушы карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1974-75 сезонында Арагонес «Атлетико Мадрид» клубының жаттақтырушы ұсынысын қабылдайды. Осыдан жаңадан лақап атқа ие болады. Бұл «El Sabio de Hortaleza» (аудармасы Орталеса данасы).

Контракт бітісімен, «Барселона» клубында қызмет етеді. Бұд клубпен Испания кубогын жеңіп алады.

1993 жылы «Севилья» клубының жаттықтырушысы болады. 2 сезон аралығында керемет көрсеткіш көрсете алмады.

2004 жылы Испания құрамасының тізгінін ұстады. 2016 жылғы әлем біріншілігінде 1/8 финалда Франциядан сүрінді. 2008 жылғы Еуропа біріншілігінде финалда 1:0 есебімен Германияны ұтып, чемпион атанды. Осы табыстан соң қызметтен босады да, бір жылдай Түркияның "Фенербахче" клубын баптады.

2014 жылы 1 ақпанда Мадридте қайтыс болды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Футболшы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Испания чемпионы (3): 1966, 1970, 1973
  • Испания кубогы (2): 1965, 1972
  • Испания чемпионатының үздік мергені: 1969
  • «Атлетико Мадрид» тарихындағы үздік мерген: 172 гол

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Испания чемпионы: 1977
  • Испания кубогы: 1976, 1985, 1988, 1992
  • Испания суперкубогы: 1985
  • Құрлықаралық кубок: 1974
  • 2008 жылғы Еуропа чемпионы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]