Мазмұнға өту

Кинопроектор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кинопроектор, әуесқойлық - жіңішке пленкалы әуесқойлық және мультипликациялық (өнеркәсіпте әзрленетін) фильмдерді үйде көрсетуге пайдаланады. Кадрдың (проекциялауына) негізгі тораптарының конструкциясына, дыбысты фильмді көрсету мүмкіндігіне қарай әуесқойлық кинопроектордың бірнеше түрі шығарылады. Көбінесе кадр мөлшері 3,55 х 4,7 мм (кәдімгі формат) және 4,12 х 5,69 ( "Супер - 8" форматы не ""с" типті" пленка) болатын 8 мм-лік кинопленкада (кинофабрикада жасалатын) түсірілген фильмдерді көрсететін кинопроектор пайдаланылады.

Әуесқойлық кинопроектор QUARZ-5

Кадр мөлшері 7,42 х 10,05 мм болатын 16 мм-лік кинопленкадағы фильмдерді көрсететін кинопроектор сирек қолданылады. Киноәуесқойлары арасында "С типті " кино пленкамен соған сәйкес "супер - 8" форматты кино проекторлар кең тараған. Мұның себебі ені бірдей ( 8 мм ) болғанның өзінде "с типті" кинопленканың кадр ауданы кәдімгі кинопленканың кадр ауданынан 1,5 есе үлкен болып, проекцияланатын кескіннің сапасын төмендетпей біршама үлкейтуге мүмкіндік береді. Пайдаланылатын кинопленканың еніне және кадр форматына байланыссыз, барлық кинопроектор оптикалық жарық жүйесінен , лента тартқыш механизмнен, обтюратордан, жетектен, дыбыс жаңғырту блогынан (дыбысты кинопроекторларда) тұрады. 1-суретте тар пленкалы әуесқойлық кинопроекторының ортақ схемасы көрсетілген.

1-сурет

Кино көрсеткіш аппараттың ортақ схемасы

  • Беру бобинасы
  • Тісті тартқыш барабан
  • Фильм каналы
  • Грейфер
  • Тісті кідіртпе барабан
  • Қабылдау бобинасы
  • Кинопроекциялық лампа
  • Айналы шағылдырғыш
  • Конденсор
  • Обтюратор
  • Фильмнің төменгі тұзағы
  • Кино проекциялау объективі

Оптикалық жарық жүйесі шағылдырғышы бар жарық көзінен, конденсордан және прекциялау объективінен құралады.

Кинопроектор объективі кадр кескінін экранға үлкейтіп түсіреді. Проекцияланатын кескіннің мөлшері объективтің фокус аралығына байланысты; кинопроектор мен экранның арасын өзгертпей-ақ фокусты жфлжфту арқылы кескінді үлкейтуге не кішірейтуге болады. Әуесқойлық кинопроектордың көпшілігінде фокустың аралығы өзгермейтін проекциялау объективі орнатылады да, экрандағы кескінді үлкейту не кішірейту тек кинопроекторды жылжыту нәтижесінде жүзеге асырылады.

Лента тартқыш механизм тарқату және орау кассетасынан (бобинадан), тісті тартқыш барабаннан, фильм каналынан, секірмелі механизмнен (грейферден) , тісті кідіртпе барабанан, сондай-ақ бағыттаушы әрі тиянақ роликтерінен тұрады.

Кинопроектордың жетегі электр двигателінен жне секірме механизмге, обтюраторға, тісті баранға,орауыш осіне айналысты жеткізу механизмнен және қабылдау кассетесы (бобина) бар орауыш осінен құралады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев, 1991.