Антисфен
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін Үлгі:Философ енгізу қажет. |
Антисфен (Афиналық) (көне грекше: Ἀντισθένης; б.з.б. 444/435 жылдардар, Афины — 370/360 жылдар, Афины) — Сократтың шәкірті, Сократ шәкірті, Сократтың ілімін дамытқан және тек жалқылық туралы ілімді ғана ақиқат деп пайымдаған киниктік (Киниктер) мектеп дейтіннің негізін қалаған. Платонның мұраттар туралы ілімін (дербес өмір сүретін жалпы ұғымдар туралы ілім ретінде) сынады және тек жалқы заттардың болмысын пайымдады. Алайда цивилизация мен оның жетістіктерін киникилік тұрғыдан сынаудың, ең зәру қажеттіліктермен ғана шектелуге шақырудың, сословиелік және таптық айырмашылықтарды жек көруінің және осыдан келіп туындайтын сол кездегі қоғамның демократиялық элементтерімен бірігуінің одан да үлкен мәні болды. Сол кездегі өркениеттің әрекеттерін сынап, адамның қажеттілігін шектеуді уағыздайды[1][2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
- ↑ Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Antisthenes |